Об ассамблее
«Ұлы Жеңіс менің отбасымның тарихында», «Менің Қазақстаным» PDF Печать
23.08.2010 07:01

Өзге ұлт қыздары арасындағы осынау сайыс «Ұлы Жеңіс менің отбасымның тарихында», «Менің Қазақстаным», «Он саусағынан өнер тамған», «Менің сүйікті тағамдарым» атты турлар бойынша жүрді. Мемлекеттік тілде сөйлеп, көпшелікке өз ойын айна-қатесіз жеткізу, белгілі ән немесе өленді орындау шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстау қырларынан сынға түскен олар толқып тұрса да, осы сәт қазақ қызы болуға тырысты.

 

«Ассамблея Аруы» сайысы осымен бесінші рет өткізіліп отыр, - деді өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ж.Асабаева ханым. Осынау сайыстың өзінен-ақ он бес жылдық тарихы бар Ассамблеямыздың алға қойған мақсат-мұратын аңғару қиын емес. Иә, біз халықтар арасындағы достық пен татулықты, өзара бірлікті насихаттаймыз. Саған қоса әр ұлт өкілінің мемлекеттік тілді білуіне, үйренуіне, жерлікті халықтың салт-дәстүрін құрметтеуіне жол ашамыз. Қуанарлық жағдай – облыс басшысы әрбір ұлттық орталықтың ұлттық киімдерін тіктіріп, жоғын толтыруына 300 мың теңгеден қаражат ұсынды. Бұған қоса «Достық үйін» тұрғызуға тапсырма беретінін жеткезді. Біз осынша қамқорлыққа дән ризамын. Ал бүгінгі сайысымыз Ұлы Жеңістің 65 жылдығына, ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналады.

 

Подробнее...
 
PDF Печать

Бұл күнде Қазақстанда жүз отыздың үстінде ұлт пен ұлыстар өкілдері тұрып, бақыт тапса, олардың бәрі де кешегі Одақтың шекпенінен шығып, тәуелсіз елдің кешегісі мен бүгінгісіне бола еңбек еткен және еңбектеніп жатқан адамдар. Олардың бас қосқан қоғамдық саяси ұйымды Қазақстан халқы Ассамблеясы деп атайды. Оның құрылып, жұмыс істей бастағанына да 15 жылдың жүзі ауды.
Осыған орай кеше облыс әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облыстық хатшылығына қарасты этномәдени бірлестіктер төрағалары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерін, ғылыми-экспенттік топ пен этносаралық тақырыптағы үздік журналистер клубы және Атырау облыстық Ассамблеясының ақсақалдар алқасы жетекшілерімен кездесіп, кең түрде әңгіме-дүкен құрды.

Подробнее...
 
Атырау облысындағы дарынды балалар арасында шығармашылық жұмыстан облыстық байқау PDF Печать

«Қазақстан халықтары Ассамблеясы -- мәдениаралық қатынастың мектебі» Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толуына арналған байқау « Бизнес -- Құқық» Атырау колледжінің акт залында өтті,Президентіміз Н.Назарбаевтың ұсынысымен, БҰҰ-ның жариялауымен мәдениет пен дініміздің жақындасу Жылы шарасында өткізілді,Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына, ЕҚҰЕ –нің 35 жылдығына ,Ұлы Отан соғысының Жеңісіне - 65 жыл толуына арналды.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан халықтары Ассамблеясының 15- ші сессиясында еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларын жүзеге асыру; -келешек буынның бойында патриотизмді тәрбиелеу, Отанының тарихына және туған өлкесіне қызығушылығын арттыру, жастардың шығармашылық жұмысын дамыту;
-Қазақстан ұлтының мемлекеттік және ана тілдерін дамыту;
--облыстың ауыл аймақтарындағы жастардың шығармашылық дарындылығын анықтау және қолдау;
--жас буынның саяси—құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
--Қазақстан халқының дәстүрлері мен тілін , ұлттық мәдениетімізді дамыту, сақтау және қайта жандандыру;
--Атырау облысының мәдени – тарихи мұрасын көбейтуге үлес қосу.

Анығырақ...
 
«Сенімді дәрі --- бұл ән» PDF Печать

Қалалық мүгедектер қоғамында «Өмір гүлі» ансамблі құрылды.Оның бастамашысы болып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылыққа бейімділігі өте жоғары деп есептейтін Татьяна Жакупова болды.Оларға өздерінің қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік жасап, мақсаттарын жүзеге асыруға көмек көрсетіп, қолдау қажет деді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өз өмірлерін жылдан – жылға қызықтырақ және қанығырақ етіп келе жатқанын біз жиі көріп жүрміз. Жас та әдемі, қызықты да дарынды болғанмен, тағдыр оларды қатаң сынға алды. Бірақ, олар төрт қабырғаға қарап отырмай, барлық қиындықты жеңіп, өздерінің рухани байлықтарын жоғалтпады. Бойларындағы дарындылықты аша біліп, айналасынан қызықты көп нәрсені көріп, тіпті, басқаларға да көмектесе алды.Барлығы бірігіп көрермендерді қуанту үшін жасады.

Анығырақ...
 
Туған жердің патриоттарын біріктіру , халықты біріктірудегі ең негізгі күш PDF Печать

Ассамблея:туған жердің  патриоттарын біріктіру, халықты біріктірудегі ең негізгі күш

Жақында «Халықты біріктіруді нығайтудағы аймақтардың ролі» тақырыбында республикалық семинар – жиналыс болып өтті. Оған қатысушылар Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының аймақтардағы өкілдері болды, және ол астанада емес, Павлодар қаласында өтті.Мұндай жиналысты өткізу және оның өзекті тақырыбы, бүгінгі мемлекеттік саясаттың бірден-бір ұстанымы және Президентіміз Н.Назарбаевтың болашаққа ұсынған жобасында, өзімізге белгілі, ұлтымыздың тұрақты дамуы мен халықтар бірлігін атап өтті. Мемлекеттік саясаттың ұстанған бұл бағытын жүзеге асыруда Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен ұлттық бірлестіктердің ролі өте маңызды. Сондай –ақ , жиналысқа Атырау облысының өкілдері, соның ішінде , Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Асабаева қатысты.

Анығырақ...
 
Қазақстан халықтары Ассамблеясы PDF Печать

Қазақстан халықтары Ассамблеясы: мүмкіндігімізді пайдаланып, халықты біріктірудегі жүйені дамыту.

Атырау облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының XIII сессиясы Атырау облыстық әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында өтті.
Күн тәртібінде «Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XV сессиясындағы « Ұлттық бірлік – біздің негізгі таңдауымыз» атты тапсырмасын жүзеге асыру. Атырау облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізгі жұмыс бағыты» қаралды.

Анығырақ...
 


© 2010 Атырау облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясы | КГП Центр Информационных Систем и Технологий при Аппарате Акима Атырауской области.