«Ұлы Жеңіс менің отбасымның тарихында», «Менің Қазақстаным» PDF Печать
23.08.2010 07:01

Өзге ұлт қыздары арасындағы осынау сайыс «Ұлы Жеңіс менің отбасымның тарихында», «Менің Қазақстаным», «Он саусағынан өнер тамған», «Менің сүйікті тағамдарым» атты турлар бойынша жүрді. Мемлекеттік тілде сөйлеп, көпшелікке өз ойын айна-қатесіз жеткізу, белгілі ән немесе өленді орындау шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстау қырларынан сынға түскен олар толқып тұрса да, осы сәт қазақ қызы болуға тырысты.

 

«Ассамблея Аруы» сайысы осымен бесінші рет өткізіліп отыр, - деді өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ж.Асабаева ханым. Осынау сайыстың өзінен-ақ он бес жылдық тарихы бар Ассамблеямыздың алға қойған мақсат-мұратын аңғару қиын емес. Иә, біз халықтар арасындағы достық пен татулықты, өзара бірлікті насихаттаймыз. Саған қоса әр ұлт өкілінің мемлекеттік тілді білуіне, үйренуіне, жерлікті халықтың салт-дәстүрін құрметтеуіне жол ашамыз. Қуанарлық жағдай – облыс басшысы әрбір ұлттық орталықтың ұлттық киімдерін тіктіріп, жоғын толтыруына 300 мың теңгеден қаражат ұсынды. Бұған қоса «Достық үйін» тұрғызуға тапсырма беретінін жеткезді. Біз осынша қамқорлыққа дән ризамын. Ал бүгінгі сайысымыз Ұлы Жеңістің 65 жылдығына, ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналады.

 

Соныменен сайысқа қатысқан сегіз бойжеткен – Мария Пискарева, Мария Тудакова, Лариса Глушко, Анастасия Журило, Анастасия Белова, Елена Тамбовцева, Александра Пересунько, Людмила Черняева – бәрі өздерінің мемлекеттік тілге жүйріктігін, өнерден құралақан еместігін, қолдарынан іс келетінін өзара сында көрсетті. Қыздар кәсіптік лицей мен түрлі колледжде білім алумен бірге қазақ ақындарының өлендерін оқып, сазгерлерінің әнін шырқаудан алдарына жан салмады. Көрермен қауым, әсіресе,қазақшаға тілі икемді Елена Тамбовцева, Анастасия Белова өнеріне сондай риза болды.бәрінен бұрын көрермен Анастасияның Астана туралы орындаған қазақша әніне үлкен қошамет. Ал грузин ұлттық орталығының «Иверия» өнер тобы орындаған грузиндердің ұлттық билері копшіліктің арқасын қоздырды.

 

Сайыс соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Елена Тамбовцева «Ассамблея Аруы - 2010» атанды. Ол қаладағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің «шетел тілі» бөлімінде оқиды. Ассамблеяның жерлікті жетекшісі Ж.Асабаева ханым сайыскер сегіз қызға «Мақтау грамоталары» мен бағалы сыйлықтар табыстады.

 
© 2010 Атырау облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясы | КГП Центр Информационных Систем и Технологий при Аппарате Акима Атырауской области.