| Туған жердің патриоттарын біріктіру , халықты біріктірудегі ең негізгі күш |
|
|
|
Алға қойылған мақсаттар,мәжіліске қатысушылар назарын неге аударды,мақсаттарды жүзеге асырудың жолдары мен әдістері және басқа да мәселелер туралы Ж.Асабаевамен әңгімемізде. -Жанат Асабаева сіздің жалпы мәжіліс туралы ойыңыз қандай? -Менің ойымша,мәжіліс өте кәсіби,жоғары және нәтижелі деңгейде өтті;барлық мәселелердің шешімі табылып,нүктесі қойылды және болашақты анық көруге мүмкіндігіміз болды.Мәжілісті Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов ашты және жүргізді.Мәжілістің ұраны ретінде,біз,Ассамблея,сәндікке құрылған жоқпыз,әрленген фасад емеспіз, біз, мемлекетіміздің Елбасының бейбітшілікті және халқымыздың бірлігін сақтаудағы оң талпыныстарының сенімді жақтаушыларымыз ,біздің жеріміздің патриоттарын біріктіретін қозғаушы күшпіз.Бүгінде,Ассамблея конституциялық мүшенің мәртебесіне ие болып,оның дамуында жаңа дәуір басталды.Жаңашылдықтың негізі,ең алдымен,оның атында- Қазақстан халықтары Ассамблеясы,ол ,бүгінде тағдыр біріктірген қазақстандық қоғамның жағдайын шынайы суреттей алды.Ассамблеяның қоғамдық-саяси жұмысы ,республикамыздағы әрбір азаматтың мүддесін, ұлтына немесе дініне қарамастан, біріктіру саясатын жүзеге асыруда,маңызды әсер ете алады.Айта кету керек,қазіргі қиын жағдайда қоғамдық институтты дамытудағы басшылардың бірі – өте бастамалы,қайратты және аймақтық деңгейде тәжірибесі мол, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов болды. Біздің Президентіміз жақында, мемлекетіміз әрі қарай да Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтының ролін дамытуды көздеп отыр,-деді.Неде және қайдан көрінеді? -Иә,Қайрат Келімбетов мәжілісте осы туралы айтқан болатын.Біз,Ассамблеяның ролін күшейтуді қарастырып отырмыз,-деді ол.-оны ұлтаралық саясат аясында негізгі анықтаушы етіп жасағымыз келеді.Биыл сәуір айында Астанада өткен ішкі саясат мәжілісінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің саясатының негізгі төрт базалық қағидасын анықтады.Бұл ұлтымыздың тұрақты дамуы,мемлекетіміздің нығаюы,халқымыздың бірлігі және болашаққа сенімділік. «Ұлттың тұрақтылығы,- деді ол,- ішкі саяси тұрақтылыққа даму элементін қосып,түсінігімізді кеңейтетін жалғастырушы тақырып;мемлекетіміздің қатаюының бастамасын қалыптастыратын қоғам болды және қала береді,ұлт бірлігі қоғаммен байланысын білдіреді, ұлттық түсінігіміздің өзегі болып танылды;мемлекетіміздің сәтті құрылуына алға жылжыған идеологиямыздың бірлесе қатысуының қажеттілігін атап өтті». Мемлекетімізді қатайтудың шарты ретінде еліміздегі ұлтаралық тұрақтылықтың тапсырмасын белгілегеніміз, өзінің дұрыстығын қанша рет дәлелдеп келеді.Жанжалдасып қалу өте оңай және жеңіл,ал табысуға апарар жол өте ұзақ.Және мұны біз жақындағы Кавказ қақтығыстарынан мысал ретінде көре аламыз.Аймақтардағы Ассамблея хатшылығының жұмыс негізін еліміздің Президентінің әкімшілік басқармасы дәл құрады; ол осы төрт приоритеттерді идеологиялық өрістің шынайы жетекшісі болуы тиіс деп атап көрсетті.Әрине, бұл әрбір этно-мәдени бірлестіктерден мерекелерде ғана емес,мемлекеттік маңызы бар істерді жүзеге асыруда да белсенділіктерін қажет етеді.Аймақтардағы жұмыс жағдайы, жалпы еліміздің жағдайына әсер етеді,сондықтан,аймақтардағы ұлттық-мәдени орталықтарды қолдауды күшейтудің қажеттілігіне баса назар аударылды.Аймақтарда облыстық Ассамблеяның құрамын қысқарту керек деген жоспарлар да болды,бірақ , К.Келімбетовтың ойынша, « бұл мүмкін емес».Мемлекеттік органдардың этно-мәдени бірлестіктермен өзара белсенді қарым-қатынасы – негізгі алға қойылған мақсат осындай.Этно-мәдени бірлестіктермен бірлесе нақты жобаларды жасап, оны жүзеге асыру.Атап айтқанда, облыстық ассамблеялар мен этно-мәдени бірлестіктердің жобаларды жүзеге асыруға қосылуы тиіс,жергілікті халықты мемлекеттік тілге үйретуге,сондай -ақ, мемлекеттік рәміздерді уағыздауға,себебі ,тек қана ,мемлекетік органдардың күшімен, бұл сұрақтарды толықтай және сапалы шешу мүмкін емес. -Сіздерде, Кіші Ассамблеяда бұл тапсырмаларды жүзеге асыруда жасалған жұмыстарыңыз бар болар? -Әрине,бүгін Атырау облыстық Ассамблея хатшылығы құрамында менімен бірге үш қызметкер және этно-мәдени бірлістіктердің 17 өкілдері болды.Және бұл жеткілікті күш, себебі,біз бәріміз мемлекеттік орган саласында ,ұжымдарда,жастармен қарым-қатынастағы тәжірибеде де,қоғамдық ұйымдарда да бірнеше жылдан еңбек етіп келеміз.Павлодар қаласынан келген кезде,біз барлық құрамымызбен бірге болашақта атқаратын жұмыстарымызды талқыладық,облыстық басқарма басшылықтарына ұсыныстарымызды жүзеге асыруда көмек көрсетулерін сұрадық.Бүгінде 2008-2009 жылдарға Ассамблея хатшылығы мен Атырау облыстық ішкі департамент бөлімінің ұлтаралық қатынастың өзара байланысын нығайту аясындағы мерекелік шаралардың жоспары дайын тұр. мазмұны төрт кілттік идеологиялық приоритеттің өрісімен толықтырылып,нақтыланған тағы да осындай құжат және басқалармен,былай айтқанда, «туған» басқармалармен өзара қарым-қатынас жасақталып шығарылады.Олармен біз тығыз қарым-қатынаста болуға міндеттіміз:білім басқармасы, мәдениет,қоныс аудару,туризм және спорт,тіл дамыту,т.б.Біраз уақыттан кейін баспасөз беттерінде міндетті түрде облыс жұртшылығына жариялайтын боламыз. -Қазақстан халықтары Ассамблеясының орны мен ролі шығып қалған деген баға беріліп жүр... -Мұндай баға бір жақты ғана емес,ол тіптен дұрыс емес. Ассамблея,ең алдымен,мемлекеттік саясаттың маңызды бағытын айқындайтын жол көрсетуші.Және,қоғамдық-саясаттану институты,ең маңыздысы,оның төрағасы – біздің еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев болғаны, оның мәртебесінің жоғары екенін дәлелдейді.Ассамблея, аймақтық бөлімдермен,этно-мәдени бірлестіктермен қосыла- байқаулар мен кештердің жетекшісі.Ұлттық бірлестіктің жаңашыл жетекшісі- ол артынан тек қана өзінің диаспорасын ғана емес,көпшілікті ертуге қабілетті қоғамдық қайраткер,саясаткер.ҰМО-ты басқаратындардың ішінде- өз жерлестерінің сенім мандатына,беделіне ие болған, әртүрлі дәрежелі депутаттар.Бірақ,ең бастысы,қазір ұлттық бірлестіктердің күші сондай,әлеуметтік маңызы бар салмақты істерге де қабілетті.Мысалы,Қазақстандағы корей Қоғамдастығы,неміс,ұйғыр Қоғамдастығы ірі бизнестің негізін қалады,нақты жалпы мемлекеттік тапсырмаларды орындауға өзіндік жобаларымен қатысады,елінің экономикалық дамуына,тұрақтылығының қатаюына, гүлденуіне қомақты қаржы салуға қабілетті.Біздің облысымызда да этно-мәдени бірлестіктер жұмысының әлеуметтік жағдайы күн санап жақсарып келеді.Осы жылдың 9 ай ішінде көмекке мұқтаж адамдарға қайтарымсыз 4,8 млн. теңгеден артық қаржыға көмек көрсетілді.Олардың қатарында- армянның «Таврос» , немістің « Видергебурт», грузиннің «Иверия» ,орыстың «Былина», дағыстанның «Саламы» бар.Әрине, кейбір ҰМО-тың өкілдері өз жұмыстарын тарихи Отанының көмегі арқасында жүзеге асырып отыр,бірақ көпшілік ұлттық бірлестіктер мен олардың жетекшілері өздерінің әлсіз диаспора мүшелеріне өздерінің еңбекпен тапқан қаржыларымен көмек көрсетеді. -Жыл бойына облысымыздағы этномәдени бірлестіктер Ассамблея туралы заң жобасын талқылады.Бүгінде бұл құжатпен жұмыс қандай кезеңде? -Мәжіліс депутаты В.Вишниченконың семинардағы сөз сөйлеуінен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы жобасы жақын күндері Үкімет қарауына түседі және жыл соңына дейін қабылданады.Мүмкін, Елбасының қатысуымен өтетін ҚХА-ның қазан айының аяғында өтетін кезекті сессиясында қаралатын болар. - Және соңғы сұрақ. Семинар-кеңестің Павлодар қаласында өтуі кездейсоқтық емес шығар... -Әрине.1995 жылы Павлодар қаласында еліміздегі ең алғашқы ұлттық қайта жаңғыру мектебі ашылды.Бүгінде 17 ұлт өкілдерінің балалары ана тілдерін оқып жатыр.Осы жерде ең алғашқы достық Үйі құрылды.Облыстық Ассамблея 18 ұлттық –мәдени бірлестіктерді біріктіреді,облысымыздың алты ауданында бөлімдері бар.Павлодар «Үштік тілдері» ойларын жүзеге асыру ісінде пионер болып келеді.30 қыркүйекте Президентіміз Н.Назарбаев салтанатты түрде жаңа достық Үйі ғимаратын ашады және ол еліміздегі ең күштісі болады.Бұл жаңа үш қатарлы ғимараттың құны 800 миллион теңге,онда хатшылық, тілдерді дамыту орталығы,кітапхана,Ассамблея мұражайы және мұрағаты,жаңа үлгімен жасақталған мемлекеттік,орыс және ағылшын тілдер бөлмелері,350 адамға арналған конференц-зал сыйғызылған... -Сондай бізде де болса ғой,республикамыздың мұнайлы астанасында достық Үйінің қажеттілігі туралы көптен айтылып жүр.Әңгімеңізге рақмет! Тамара Максимихина |




Ассамблея:туған жердің патриоттарын біріктіру, халықты біріктірудегі ең негізгі күш