«Сенімді дәрі --- бұл ән» PDF Печать

Қалалық мүгедектер қоғамында «Өмір гүлі» ансамблі құрылды.Оның бастамашысы болып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылыққа бейімділігі өте жоғары деп есептейтін Татьяна Жакупова болды.Оларға өздерінің қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік жасап, мақсаттарын жүзеге асыруға көмек көрсетіп, қолдау қажет деді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өз өмірлерін жылдан – жылға қызықтырақ және қанығырақ етіп келе жатқанын біз жиі көріп жүрміз. Жас та әдемі, қызықты да дарынды болғанмен, тағдыр оларды қатаң сынға алды. Бірақ, олар төрт қабырғаға қарап отырмай, барлық қиындықты жеңіп, өздерінің рухани байлықтарын жоғалтпады. Бойларындағы дарындылықты аша біліп, айналасынан қызықты көп нәрсені көріп, тіпті, басқаларға да көмектесе алды.Барлығы бірігіп көрермендерді қуанту үшін жасады.


Осындай ынталы адамдардың қатарында музыкадан өте дарынды Татьяна Жакупова.Ол өзінің баласы Даутов Асланбекті де жан-жақты дамытуға талпынып жүр.Мектептегі оқуынан басқа, ол музыкалық мектепте оқиды, «Қайсар» спорт клубында дайындалады.Бес жыл бұрын Татьянаның даусын қаладағы мәдени шаралардың бірінен естіп, домбырада ойнағанына,әртістілігіне және көп ән білетіне қатты таң қалдым.Міне, тағы бір жаңа кездесу,енді оны жаңа қырынан- басшы,көрініс қоюшы,жүргізуші ретінде таныдық.Өзі бір шығармашылық тұлға.Таня өзіне таныс адамдардың дарындылығын біліп тұрып, үндемей жүре алмады.Ол олардың жүректеріне жол тауып,олар әндерін, музыкалық аспаптарда ойнай алатындарын отбасы немесе жақындары арасында көрсетіп қана қоймау керек екеніне сендірді. Оларға бұның өзі ауруларына дәрі тапқанмен пара- пар болды.Содан кейін ол ансамбль құруды ұсынды.Өзінің ойларымен Таня облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Владимир Александрович Евстифеевке және қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Сақтаған Өтеғалиевке жолықты.Соғыс ардагерлері,өмірден тәжірибе жинаған, мүгедектердің жағдайын жақсы түсініп, білетін олар Таняны бірден қолдап,ансамблдің атын «Өмір гүлі» қойғандарын да құптады,аударғанда «Цветок жизни» деген мағынаны білдіреді.

-Бізге, дайындыққа орын таңдауда көмегін тигізген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Баяновна Қыстаубаеваға алғысымызды білдіреміз,- дейді Владимир Александрович.- Сондай-ақ, Атырау облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жанат Вахитовна Асабаеваға мүгедектердің шығармашылығына қызығушылық танытып және назар аударғанына рақмет айтамыз.Біз оны «Біздің ансамбль» деп атадық және соған әр адамды қабылдауға қуаныштымыз.

Ансамблдің достары да табылып үлгерді.Олар « Орыс-Адай» дыбысжазу студиясының басшысы Олег Атанасов,шебер музыканттар Әділгерей Жұмағалиев, Еркін Сағындықов,жас қобызшы, КӨА-ның оқушысы Арайлым Қисарова,скрипкашы Жасұлан Абилов,8 сынып оқушысы.Олар «Нәсіп» мейрамханасында өткен ансамблдің ашылу бағдарламасына кіргізілді және мұнда Жанат Асабаевамен бірге «Былина» этно-мәдени орталығының орыс өкілдері А.Г.Солодовников, грузиндік ҰМО-тан З.Бобохидзе, С.Иоселиани, «Новруз» азербайжан өкілділігінен Фаиг Атабаев және басқалар келді.

Концерттің ашылу барысында жас ансамблдің жетекшісі Татьяна Жакупова:

-Біз барлық этно-мәдени орталықтармен бірге жұмыс жасағанды қалаймыз.Олардың жұмыстары туралы біз көп естідік.Сондықтан сіздерге өзіміздің дарынымызды көрсетіп,сіздердің бағаларыңызды білгіміз келді.

Бағдарламаны бір сөзбен айтқанда,оны «Жанға шипа» деп атауға болар еді.Бір сағат жарымдық бағдарламада бірнеше жанр саласынан- вокаль, хореграфия және музыкалық аспаптарда өнер көрсетілді.Болат Құспановтың орындауындағы «Сағыныш тақтасы», Артықова Маржан мен Орынбай Супалдияровалардың «Айналайын» өлеңдері көрермен жүрегінен орын тапты.Ұлан Тулитаев өзінің өлеңін оқыды.№7 лицейдің оқушысы Ахмед Межидов ансамблге қатысып та үлгеріп жүр.Ал оның ән шырқағанын айтсаңызшы!Оның өлеңдерін мүгедектер қоғамы ұйымдастырған мәдени шаралардан жиі естуге болады.Бүгін де ол «Ауыл қыздары» әнін тамаша орындап берді.Және де, әрине, ансамбль жетекшісінің өзі де қалыс қалмады.Сапар Қойшыбаевпен бірге «Балбырауын» күйін,Орынбай Супалдияровпен бірге «Жаным» әнін және «Кетма» өзбек әнін орындады.А.Тимбаев гитараның қостауымен, өзінің шығарған әнін орындап берді.

Өздіктерінен құрылған әртістер қатты қобалжыды.Олардың шығармашылық жұмыстарына қолдаулар мен жылы сөздерді естігенде олар қатты қуанды.

-Мен бүгін сіздермен осы жерде шын көңіліммен демалдым,-деді Жанат Вахитовна.-Сіздерден көп нәрсені үйренуге болады, ең бастысы- шыдамдылықты,жүректілікті,төзімділікті,ұстамдылықты.Алдымыздағы жылдың наурыз-сәуір айларында «Достық» фестивалі өтеді,және сіздер соған міндетті түрде қатысатын боласыңдар.Мен сіздерге зор денсаулық,алға қарай да әнмен,шығармашылықпен достықтарыңызды үзбеңіздер деген тілек білдіремін.

-Мен көргеніме де, естігеніме де таң қалып отырмын,-дейді Симон Иоселиани.Өнер аударуды қажет етпейді, ән салып тұрған сіздердің жүректеріңіз.Сіздер, жарайсыздар,үйде отырып қалмай, халыққа қуаныш сыйлап жүрсіңдер. Бір қолмен бетті жуа алмайсың демекші, ең бастысы-еңселерің түспесін.

-Достар, мен бүгін сіздердің шығармашылықтарыңызға,сіздердің оң көңіл-күйлеріңізге қатты толқып отырмын,- деді Зурав Бобохидзе.-Көз жасының аты көз жасы,күлкінің аты күлкі.Мен бүгін сіздермен бірге қуандым.Мен құдайдан сіздердің ертеңдеріңіз бүгінгіден де жақсы болсын,және де біз әрқашан бір-бірімізге көмектесіп жүрейік.
-Сіздердің өнерлеріңізге, өздеріңізге деген таңданысымды жеткізер сөзім жоқ.Рақмет, сіздерге,-деді Фаид Атабабаев.

Ансамблдің қарттар Үйінде,тарихи-өлкетану мұражайында,соғыс ардагерлері алдында өнер көрсетіп,тәжірибе жинаған.Мерекелер алдында «Өмір гүлі» шақыруларды қаланың басқа да ұжымдарынан алды.Егерде кімде-кім ансамблге қатысам деген ниет білдірсе,әрқашан Татьяна Жакуповнаға мына телефондар арқылы:29-27-48 немесе қалалық мүгедектер қоғамына:32-34-15 хабарласа алады.
Ансамблге көп нәрсе, әдемі киімдер,аспаптар және қала орталығынан дайындалатын орын керек.Бірақ, қиындықтар басқаларға қуаныш сыйлайтын адамдарды қорқыта алмайды.Себебі олардың қасында әрқашан сенімді серігі – өлең мен ән бар.

Наталия Оразғалиева

Суреті Н.Ивановтікі

 
© 2010 Атырау облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясы | КГП Центр Информационных Систем и Технологий при Аппарате Акима Атырауской области.