Атырау облысындағы дарынды балалар арасында шығармашылық жұмыстан облыстық байқау PDF Печать

«Қазақстан халықтары Ассамблеясы -- мәдениаралық қатынастың мектебі» Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толуына арналған байқау « Бизнес -- Құқық» Атырау колледжінің акт залында өтті,Президентіміз Н.Назарбаевтың ұсынысымен, БҰҰ-ның жариялауымен мәдениет пен дініміздің жақындасу Жылы шарасында өткізілді,Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына, ЕҚҰЕ –нің 35 жылдығына ,Ұлы Отан соғысының Жеңісіне - 65 жыл толуына арналды.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан халықтары Ассамблеясының 15- ші сессиясында еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларын жүзеге асыру; -келешек буынның бойында патриотизмді тәрбиелеу, Отанының тарихына және туған өлкесіне қызығушылығын арттыру, жастардың шығармашылық жұмысын дамыту;
-Қазақстан ұлтының мемлекеттік және ана тілдерін дамыту;
--облыстың ауыл аймақтарындағы жастардың шығармашылық дарындылығын анықтау және қолдау;
--жас буынның саяси—құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
--Қазақстан халқының дәстүрлері мен тілін , ұлттық мәдениетімізді дамыту, сақтау және қайта жандандыру;
--Атырау облысының мәдени – тарихи мұрасын көбейтуге үлес қосу.

 

 

 

Байқаудың ұйымдастырушылары - Атырау облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, облыстық білім беру басқармасы , Бизнес және Құқық Атырау колледжі- байқауға қатысуға орта мектептердің шығармашылыққа бейімді мектеп бітірушілерін, тарих және өлкетану , құқ және тілтану , әдебиет және өнер , қолөнер және бейнелеу өнеріне икемді оқушылары шақырылды.

Қатысушылар өздерінің ғылыми немесе шығармашылық жұмыстарын ұсыну керек – мазмұндама, баяндама,шығарма,буклет немесе сәндік – қолданбалы өнер және бейнелеу өнері,қатысушылар Қазақстан халқының мәдениетінің тарихы туралы дайындағандарын,Ассамблея жұмыстарын және ұлттықмәдени бірлестіктерді,мемлекетіміздің және ұлттардың ана тілін, конфессиялы көптүрлілігін және Атырау аймақтарының жаңаша дамуын ұсынды.Байқауға 25 жұмыс қатысты.
Байқау әділ қазыларының таңдауларының ішінде-- №16 қалалық мектептің оқушысы Айтжанов Қуаныштың « Ұлы украин ақыны және жазушысы Т.Г.Шевченконың Қазақстан (Маңғышлақ) табиғатының әдемілігі мен кереметтілігін суреттеуі» шығармасында тақырыпқа қатысты мультимедияның қостауымен ақынның Форт Шевченко қаласында орналасқан мұражайындағы материалдар негізінде өте бай ақпараттар ұсынылды.

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданынан келген Носков Виталийдің Ассамблея жұмысының жастар арасындағы насихаты туралы таза қазақ тілінде жазылған ғылыми зерттеуі ерекше қызығушылыққа ие болды.
Дарынды балаларға арналған мектеп- интернатттың оқушысы Шабозова Нұржамал және Исатай ауданынан Шартикова Перизат сәндік- қолданбалы өнер саласындағы шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Бисембаева Әйгерімнің аты аңызға айналған ,Ұлы Отан соғысына қатысушы, біздің жерлесіміз Хиуаз Доспанов туралы әңгімесі көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Отарғалиева Райхан,өзінің ғылыми жұмысын еліміздің Негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына арнады.
Байқауға қатысушылар өздерінің білімдерін таңдалған тақырыптарынан басқа да тұстарынан көрсете алды.Олар өздерінің зерттеу жұмыстарының мазмұнын үстіміздегі жылдың маңызды жаңалықтарымен қатыстырып айта білді.Шығармашылық жұмыстарды қорғау мультимедиялық құралдың көмегімен өтті.Барлық қатысушылар ана тілдерін және мемлекеттік тілді өте жетік білетіндерін көрсетті.Байқауға қатысуда алған білімдері мен дағдылары болашақта оларға армандарына қол жеткізуге– тілші, заңгер,тарихшы, суретші, мемлекеттік қызметкер болуға көмегі тиер деген сенімдеміз.Байқауға қатысушылар дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 
© 2010 Атырау облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясы | КГП Центр Информационных Систем и Технологий при Аппарате Акима Атырауской области.