|
2009 жылдың 15 мамыры Халықаралық Отбасы күні Атырау облысында Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен дәстүрлі «Шаңырақ» отбасы мерекесі 12 рет өткізіліп отыр. Жылдар Қазақстан ұлттарының барлық өкілдерінің қолдарымен, жүректерімен және ақылдарымен біріккен отбасы, шаңырақ құрылғанын дәлелдеді, соның астында еліміздің мәдениетінің этникалық көптүрлілігі жасалып жатыр. Мерекеде жан-жақтан келген ұлт өкілдерінің сәлемдемесін әртүрлі тілде естуге, отбасылардың дәстүрлерімен, салттарымен жақынырақ танысуға, ұлттық тағамдардың ерекшелігін сезінуге, ұлттық киімдердің сан түрлілігін көруге, ұлттық билер мен әндердің , дәстүрлердің әдемілілігін сезінуге мүмкіндік болды.
«Отан –отбасынан басталады» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Мерекеге отбасылар - Атырау мәдени орталығының 16 өкілдері шақырылды, олар өздері туралы және Каспий өңірінің табиғи байлықтарын пайдалануда еңбек етіп , тұрып жатқан адамдар туралы айтуға келді. Фестивалдің негізгі мақсатын Атыраудағы Қазақстан халықтары Ассамблея хатшылығының меңгерушісі былай құрды: жаңа үлгідегі қазақстандық отбасы, оның әлемдік дағдарыс жағдайындағы жеңістері мен сәттіліктері . Мерекеге «Иверия» грузин этномәдени орталығынан Джваршеишвили мен Торадзе, «Татулық» татар ЭМО- нан Аббазовтар, «Новруз» әзербайжан орталығынан Гардашевтар мен Бабаевтар, «Вайнах» шешен – ингуш орталығынан Цамалиговтар, ұйғырлардан Қожахметовтар мен Нодяровтар және ұстаз Базарбаевтар тәрізді бірнеше отбасы қатысты.
|