|
Махамбет атындағы облыстық драма театрында ұлттық және шығармашылық ұйымдардың қойылымдары Қазақстанның Атырау және Астрахань облыстарының этномәдени бірлестіктерінің және Ресей Федерациясының «Шекара достар жүрегін бөлмейді» атты Халықаралық фестивалінен маңызды орын алды. Әнсіз , өлеңсіз ,бисіз қандай фестиваль болушы еді. Сондықтан концерт залда өте көп көрермен жинады. Халықтар достығы фестивалі , егерде іс- шараның неден басталғанын анығырақ айтсақ, «Мұрагер» фольклорлық ансамблдің орындауында Құрманғазының «Серпер» күйінен басталды.Волжск даласында жерленген атақты музыкантшы қалалар мен елдерді , біздің халықтарымызды біріктіріп, мықты түйінмен байлаған. Композитордың шығармалары орыс және басқа да халықтарға жақсы таныс. Оның шығармасында -қазақ жүрегі шырқалады. Сол себепті де концерт осы күймен басталды. Біздің музыканттар қонақтарды алдымен, өздерінің әсем киімдерімен қуантса, екіншіден күйді ойнау шеберлігімен қуантты. Мерекеге қатысушылар өздеріне қойылымнан үлкен музыкалық рух алды. Қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының инспекторы Нәзипа Шанаи, Астрахань облысы өкілдерінің жетекшісі Анвер Алмаев қарсы алды. Олар өз сөздерінде бұл оқиғаның маңыздылығын, екі мемлекеттің қазіргі экономикасының нашар кезеңінде бұл фестивалдің өтуі тегін емес екенін атап өтті. Бұл достық байланыстың мағынасын білдіреді, біз тек жақсы кезеңдерде ғана емес, қиын кезеңдерде де бірігуіміз керек екенін атап өтті.
Біз барлығымыз да қазақ салттарын жақсы білеміз. Бірақ сонда да Астрахань облысынан келген «Жолдастық» қазақ мәдени орталығы мүшелері көрсеткен қойылымды көру қызықты болды. «Жолдастық» - халық орталықтарының ең ірілерінің бірі. Ол барлық астрахандық қазақтарды біріктіреді, өздерінің газет, студия , радиобағдарламалары бар. Қазақ орталығы Астрахань губерниясының белсенді қолдауына ие. Ұлттық дәстүрлер мен салттарды насихаттау - олардың жұмысының негізгі бағыты. Біздің көршілеріміз фестивалға жақсы дайындықпен келген. «Дағыстан» дағыстан мәдени орталығының жалынды кавказ қойылымдары залды дүр сілкіндірді. Олардың «Тау биі» , «Қанжармен би» тәрізді өлеңдері мен билері жоғары деңгейде болды. Біздің тілшілерімізге «Татар іскер орталығының» жетекшісі Ильдар Байкин түсіндіргендей, ұжымның барлығы өздіктерінен құрылған өнерпаздар екенін айтты. Әрбір мүшенің айналысатын жұмысы өнерден өте алыс. Соған қарамастан, олардың вокальдық , хореографиялық ,музыкалық дарындылықтары өте күшті. Себебі, бұндай дарындылық , бұл халықтың қызының да, ұлының да қанында және жүрегінде бар. «Астрахань казактары» би ұжымы кавказдықтарды өздерінің әзіл билерімен қостады. Астрахань казактарының киімдері - көк ,жандарының жиектері сары, қалпақтары, семсерлері, тіпті ордендері де , казак ұлтының нағыз өзін белгілеген.Мұндай казак қасыңнан жәй өтпейді, ол жүрегіңде қалады.Баянның сүйемелдеуімен олар әнді қалай айтты десеңізші! Бұл Астрахань ұжымының қойылымы фестивалді әрлендіріп жіберді. Ресей қаласында үлкен құраммен тіркелген, Әзербайжан халықтарының ұлттық биі де кем түспеді. Соған қоса, әзербайжандықтардың вокальдық лирикалық нөмірлері де болды. Оларға біздің «Новруз» ҰМО – ның әзербайжандары да қолдау көрсетті. Астрахань татарлары бірнеше көрініс қойды. Олардың көріністері біздің «Татулық» татар ұлттық – мәдени орталығының көріністерінен өзгеше болды. Бұл тағы да татар халқының мәдениетінің көптүрлілігін дәлелдейді. Астрахандықтардың «Танец с ветром», «Два друга и горянка», «Две березы» секілді әндері мен билерінің мағынасы өте зор болды. Өздерінің достарын, анығырақ айтсақ, ұлттық орталықтардағы әріптестерін қолдауға атыраулық өнерпаздар да келді. Атақты «Россияночка» хор тобының қатысушылары ақ шашты соғыс және еңбек ардагерлері. Біздің «Иверия» ҰМО-ның грузиндері, неміс мәдени орталығы, корей , дағыстан ұжымдары, «Еркем - ай» вокальды тобы , Байкеновтар балет студиясының балалары, және басқа да көптеген, барлығы отызға жуық ұжымдар мен топтар өнерлерін көрсетті. Екі сағат жарымға созылған фестиваль бір минутқа да үзілмеді. Залға әртістерден қуат беріліп отырды, ал көрермендерден қошемет арылмады. Фестивалдің аяқталу тұсында Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары қатысқандардың барлығын дипломдармен марапаттап, Исатай – Махамбет алаңында өтетін фестивалды тағы да бір көруге шақырды. 24 сәуір , жұма күні фестивалға қатысушылар ашық алаңда, барлық қалалықтардың алдында әдемі бағдарламаларын көрсетті.
|