|
Облыстық мәдени- ағартушылық және қоғамдық –саяси қоғам «Ұлттық –мәдени украин орталығы «Довира»
Ұлттық – мәдени украин орталығы «Довира» 2001 жылдың 23 ақпанында құрылды.Бүгінде Атырау облысында өздерін украин ұлтымен теңестіретін 1400 адам тұрып жатыр. Украин орталығын – облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Ритуал» ЖШС-нің жетекшісі Павленко Ольга Дмитриқызы басқарады. Украин орталығы негізінде: «Мрия» вокальдық- бишілер тобы құрылды, оның құрамына тек қана украин ұлты ғана емес,украин мәдениетіне қызығушылық танытқан басқа ұлт өкілдері де кірген. Орталық Украин Елшілігімен тығыз қарым –қатынаста жұмыс істейді,сол жақтан Атырауға украин тіліндегі газеттер, әдебиеттер, дыбыс-бейне кассеттері,жыл сайын Қырымға,Артек лагеріне жолдамалар беріліп тұрады.Достық пен келісімді дамытудағы жұмыстары үшін «Довира» орталығы үш рет Қазақстандағы Украин елшілігінің Құрмет Мақтау қағазымен марапатталды. Украин орталығы облыстық Ассамблеяның қоғамдағы украин мәдениетін сақтап қалу және бірлігімізді нығайту, жас буынның бойына Қазақстанға,біздің Отанымызға деген отаншылдықты тәрбиелеу тәрізді барлық мерекелік іс-шараларына қатысады. «Довира»жастары – халықтар Достығы фестивалінде,халықтық шығармашылық байқауларда,отбасы мерекесі «Шаңырақ», этно мәдениет күндері,Қазақстан халықтарының тілдер шеруі сияқты іс-шаралардың айнымас қатысушылары.
Атырау облысындағы «Қазақстан ұйғырларының Республикалық мәдениет орталығының» қоғамдық бірлестік бөлімі
«Қазақстан ұйғырлары Республикалық мәдениет орталығының» Қоғамдық бірлестік бөлімі Атырауда 2004 жылдың 14 ақпанында құрылды.Осы этникалық топтың біздің аймақтарда жарты жүзден аз өкілдері тұрады. Нодяров Анарбек Нодярұлы – этномәдени бірлестіктің төрағасы, «АтырауҚұрманҚұрылыс» ЖШС-де жабдықтау менеджері лауазымында жұмыс істейді. Бірлестік жұмысының негізгі мақсаты: облыста және республикада бейбітшілік пен халықтар арасындағы ұлтаралық келісімді сақтап қалу, ана тілімізді,дәстүрлер мен мәдениетімізді қайта және жан-жақты жаңарту болып отыр. Жастарды ана тіліне үйретуге,ұйғыр мәдениетінің өзіндік ерекшеліктеріне, ұлттық тағамдарға қызығушылығын ояту,қазіргі коммерциялық және нарықтық экономика кезеңінде ұйғыр Қоғамдастығы бөлімінің талапты топтары өз ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау жұмыстарын кең ауқымда жүргізіп жатыр. Жыл сайын «Машраб» және Новруз-Байрам ұлттық мерекелер өткізіліп тұрады,жастармен кездесу,Каспий өңірінің қоғамдық- саяси және мәдениет өміріне ұлттық менталитетін және өз отанымыздағы барлық отандастарымызбен рухани –мәдени байланысымызды нығайту мақсатымен жүргізіліп отыр.
«Иверия» грузин ұлттық –мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
«Иверия» грузин ұлттық –мәдени орталығы » қоғамдық бірлестігі 2003 жылдың 27 тамызында құрылған. Орталық, Бобохидзе Зураб Гедеванұлының төрағалық етуімен грузин ұлттарының 85 адамын біріктіріп отыр. Зурав Гедеванұлы – кәсіпкер,Қазақстан халықтары Ассамблея мүшесі,1970 жылдан бастап Қазақстанда тұрып келеді, облыс тұрғындары арасында құрметке және белсенділікке ие.Бірнеше рет құрмет мақтау дипломдарына, «Жылдың үздік кәсіпкері» атағына ие болды.2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10-жыл» мерейтой медалімен, 2006 жылы мемлекеттік «Шапағат» жүлде-медалімен марапатталды. «Иверия» Атырау грузин этномәдени бірлестік жұмысының негізгі бағыты тілді,ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамыту және қайта жандандыру,қоғамдағы грузиндердің жалпыадамдық ,адамгершілік және құлықтылық санасына тереңдете үңілу, олардың бойына Қазақстан азаматының теңқұқылық сезімін қалыптастыру,қоғамдық және әлеуметтік белсенділікті, грузин диаспорасы бірлестіктерінің облысымыздың және еліміздің әлеуметтік – экономикалық өмірінде белсендірек қатысуларын,өз халқының мәдениеті мен тарихын үйренудегі талаптарын,мемлекеттік тілге,тарихына,мәдениетіне,өнеріне,дәстүрлері мен қазақ халқының әдет-ғұрыптарына қалыптасу,тарихи отаны –Грузия Республикасымен экономикалық, ұлттық-мәдени,ағартушылық байланыстарды дамыту.Орталық аясында грузин тілі мен мәдениетін қайта жандандыру мектебі жұмыс істейді.Этномәдени бірлестік белсенділері ашық іс-шаралар,грузин мәдениеті мен өнері туралы фестивалдар,халық шығармашылығының көрмесі,концерттер өткізеді,ұлттық,діни және есте қалатын күндерді атап өтеді. «Элиоба» және «Нинооба» халықтық мерекелерді өткізу дәстүрге айналған.Грузияның Еңбек сіңірген қайраткері С.Иоселианидың басшылығымен ұлттық би ансамблі барлық қалаушыларды Кавказ биіне үйретеді. З.Бобохидзенің басқаруындағы орталық аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге,Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне ,жалғызбасты аналарға,ауру адамдарға және қолдау сұрап хабарласқандардың барлығына ақылы көмек көрсетеді.
Атырау облысындағы «Новруз» Әзербайжан мәдени орталығы
Атырау облысындағы «Новруз» Әзербайжан мәдени орталығы 2000 жылдың 25 қарашасында құрылды. 2000 жылы кадрлы әскери адам - Ахмедов Эльдар Мамедович «Атыраудағы «Новруз» Әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестікті басқарды.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.Майор шенінде зейнеткерлікке шыққаннан кейін, 2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.2001 жылдан бастап,Қазақстан халықтары Ассамблеясының Мүшесі. Орталық өз ана тілдерін және тұрмыстық мәдениетін, рухани қасиетті және ұлттық дәстүрін,облыста және республикада бейбітшілікті сақтау және халықтар арасындағы ұлтаралық келісімді сақтау, еліне, Қазақстан Республикасы азаматтығын құрметтеу және сүюді тәрбиелеу.Әзербайжандық Атырау қоғамы мемлекеттік және халықтық мерекелерде, Қазақстан халықтары Ассамблеяның ұранымен өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.Жыл сайын Құрбан – байрам, Наурыз мейрамдарын тойлау дәстүрге айналды.
«Татулық» Татар-башқұр ұлттық- мәдени» қоғамдық бірлестігі
Татар-башқұр ұлттық- мәдени «Татулық» орталығы 1995 жылы құрылған.Бүгінде біздің облысымызда татар диаспорасында 3 мыңнан аса отбасы бар екені есептелген. Қазіргі уақытта, оны Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының Бас балетмейстері Байкенова Гульсина Гарифжановна басқарады.Халықаралық байқаулар және балалар шығармашылығы мен хореграфиялық өнер фестивалінің жүлдегері,2001 жылы Атырауда балет студиясын құрды..
Татар қауымдастығы өздерінің құрылған күнінен бастап, жұмыс негіздерін ұлттық мәдениетті,тілді,дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды сақтап және дамыту,ұлтаралық қатынастардың жоғары мәдениетін және қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу. Қауымдастықта: татар тілі мен мәдениетін қайта жандандыру мектебі, жастар клубы, Г.Байкенованың басқаруымен ұлттық би ансамблі жұмыстарын сәтті жүргізуде. Орталық аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге,Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне ,жалғызбасты аналарға,ауру адамдарға және қолдау сұрап хабарласқандардың барлығына ақылы көмек көрсетеді. Облыстық татар этномәдени «Татулық» бірлестігі әртүрлі жалпы-мәдени іс-шараларда ұрпақтан – ұрпаққа сақталып келген ата-бабалар дәстүрі мен салттарын көрсетіп жүр. Сабантой ұлттық мерекесін тойлауда ұлттық ойындар – куряш, ат шабыс, етікке жету ойындары ойналады,әлбетте ұлттық тағамдар – чак-чак, кабартма, дерэ- ботқасы,әртүрлі пирогтар пісіріледі. Ұлтаралық келісім мен достықта тұрып жатқан Атырау облысындағы татар қауымдастығы тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен дамуында өз үлестерін қосуда.
«Салам» Дағыстан мәдени орталық» қоғамдастық бірлестігі
Дағыстандық «Салам» мәдени орталығы 2002 жылдың 1 шілдесінде құрылды.Біздің облысымызда шамамен 400 адам:лакцалар,даргинистер, аварцалар,құмықтар,лезгиндер, ноғайлар және табарацандар. Алишаев Мұса Абакарович - «Салам» ЭМБ-тің құрылған күнінен бастап төрағасы. «Ватан Гурьев» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істейді,Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. Бірлестік жұмысының негізгі мақсаты: этносты сақтау, Атырау облысында тұратын дағыстандықтардың тілдік, этномәдени қажеттіліктерін қайта жандандыру және қанағаттандыру, халықтар арасындағы ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтап қалу.Бірлестік аясында ұлттық тілдер, жастар клубы, «Дагестан» ұлттық би ансамблі курстары жұмыстарын сәтті жүргізіп отыр. Дағыстандық «Салам» мәдени орталығы облыстық және қалалық масштабтағы барлық жаппай іс-шараларға белсенді қатысады. Орталық зейнеткерлерге арнап, ақылы көмек түрінде бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізді, «Ақ-бота» бала-бақша үйіне демеушілік көмек , жарыстарға қатысатын спортшыларға қаржылай қолдау көрсетілді.Орталық біздің Президентіміздің саясатын азаматтарымызға жеткізу, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізіп тұрды.Барлық Қазақстан халқының бірігу негізі ретінде қазақ тілін үйрену және дамыту турасында да дөңгелек үстелдер өткізді.
«Wiedergeburt» қоғамдық және мәдени – ағартушылық немістер бірлестігі
«Видергебурт» қоғамдық және мәдени – ағартушылық немістер бірлестігі 1989 жылы құрылған, Батыс Қазақстандағы ұлттық- мәдени білімнің ақсақалы болып келеді. Думлер Александр Филиппович – «Видергебурт» немістер қоғамының төрағасы, «Атырау облыстық дезинфекциясы» ЖШС-де бас директордың бірінші орынбасары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. Бірлестікте: неміс және қазақ тілдерінің үнемі тілдік курстары, аударма бюросы, «Полиглот» әлемдік жүйесімен байланыс, әлеуметтік дәріхана және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау, қарттар және еңбек ардагерлеріне, «Регенбоген» жастар клубы, «Блюменгрус» балалар ансамблі, «Фольксвелле» жастар би ансамблі,Инна Мягкованың театр студиясы, жексенбілік мектеп элементтерімен «Лореляй» клубтары жұмыс жасап келеді. «Видергебурт» бірлестігі Қазақстандағы Германия елшілігімен , ГТО – ның басшылығымен, Неміс Қызыл Кресімен, Дойче әлеумет қорымен, Қазақстан немістерінің қоғамдық ұйым Қоғамдастығымен, ҚР-ғы неміс экономика бюросымен, ұлттық азшылық Еуропа федералист одағымен және басқа да көптеген ҚР- ның және шетелдік қоғамдық ұйымдармен көптен тығыз байланыста . Жылдар бойы бірлестіктің өмір сүру кезеңінде үнемі жүргізіліп отырған курстардан 400-ден аса этникалық немістер, 100-ден аса басқа ұлт өкілдері өз ана тілдерін үйреніп , қалыптастырды, қарттарға , аз қамтылғандарға және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету , балалар мен жастарға сауықтыру бағдарламалары үнемі жүргізіліп отырады ( халықаралық спорт Академиясы, лингвистикалық лагерьлер турасында), еңбек ардагерлеріне үнемі сауықтыру кешендері ұйымдастырылып отырады. 2001 жылы облыстың ұлттық – мәдени білім арасында ең бірінші болып, өз баспа органдары - « Unsere Welt» - «Наш мир » ақпарат бетшесін басып шығарды. Бұл баспа органы тек қана Қазақстанда емес, Германияда да қоғамның қызығушылығын тудырды, біздің мемлекетіміздің Егемендігіне 10- жыл толуына, Қазақстан Халықтары Бірлігі Күніне арналған Республикалық Фестивальда «Фольксвелле» ансамблі лауреат атанды. Атыраудағы немістер қоғамы мемлекеттік және халықтық мерекелерде , Қазақстан Халықтары Ассамблеясының атымен өткізілетін барлық мәдени шараларға белсенді қатысады, Атырау облысының Әкімиятымен , Қазақстандағы немістер Қоғамдастығы және Қазақстандағы ГМО-ның өкілдігімен , сондай-ақ , гуманитарлық және үкіметтік емес герман ұйымдарымен бірлесе маңызды әлеуметтік және жастар жобаларын жүзеге асырады. Бірлестік республикадан тыс аймақтармен де үлкен қоғамдық - пайдалы жұмыстарды жүргізіп отыр: ұлттық азшылықтың Еуропалық Федералист Одағының мүшесі, ТМД немістерінің Мемлекетаралық қоғамдық Кеңесінің мүшесі,Украин, Ресей, Қазақстан немістерін республикалық және облыстық съездерінде таныстырды
«Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығы
Облыстың корей бірлестігі алғашқыда «Корей мәдени орталығының Гурьев қоғамдастығы» атын алып жүрді,1994 жылдың 11 тамызында әділет органында «Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығы болып тіркелді. «Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығының төрағасы Өтебаева – Цой Мария Николаевна. 1991 жылдан Қазақстан корей Қоғамдастығы Басқармасында мүше, 1995 жылдан орталықтың төрағасы болып келеді. 2-ші дәрежелі «Достық » орденімен, Қазақстан Республикасы Егемендігінің 10-жылдығына мерейтой медалімен, аналық , I, II, III – дәрежелі және «Еңбек ардагері» медалдарымен марапатталды, білім жүйесінің ардагері. Бірлестіктің негізгі жұмыс бағыты: ұлттық мәдениетті , тілді , дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтау және дамыту , жоғары мәдениеттегі ұлтаралық қатынасты және қазақстандық отаншылдық сезімді тәрбиелеу болып отыр. Қоғамдағы білім көздерінде республикамызға танымал : Тен Алексей Федорович – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген құрылысшысы, Огай Но-ок- жер маманы, Еңбек Қызыл Белгісі және «Құрмет Белгісі» ордендері иегері,Пак Иван Тимофеевич - академик, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Бірлестікте: үнемі корей және қазақ тілдерін оқыту курстары ,жастар клубы, ұлттық өнер және би сабақтары өткізіліп тұрады. Корей орталығы Атырау облысында өткізіліп тұратын барлық шараларға қатысады. Облыстық Ассамблеяның бастамасымен жыл сайын әртүрлі ұлт өкілдерінің «Шаңырақ» отбасы мерекесінің үздік қатысушылары.
«Таврос» Армян ұлттық – мәдени орталығы
«Таврос» Армян ұлттық – мәдени орталығы 2004 жылы тамыз айында құрылды.Плузян Гагик Сережаевич армян ұлттық – мәдени орталықтың төрағасы, «Атыраугазстрой - сервис » ЖШС-нің директоры .Қоғамдастық өзінің негізгі мақсаты ретінде ұлтты сақтау, тілді қайта жандандыру және облыста және республикада халықтар арасындағы ұлтаралық келісімді дамытуды алға қойды. Мемлекеттік және халықтық мерекелерді және Қазақстан халықтары Ассамблеясы өткізетін барлық мәдени шараларды ұйымдастыруда Атыраудағы армян бірлестігі белсенді қатысады.Жыл сайын жоғары деңгейде өткізілетін «Терендез» халықтық мерекесі ,тікелей аударғанда «Құдайға кездесуге» мағынасын береді.Бұл өзіндік кереметтілігі бар мерекені армяндар христиан дінін қабылдамастан бұрын тойлауды бастаған және оны осы күнге дейін жеткізді. Ол мейрам 13 ақпанда тойланады, бұл күн жарық пен жылулыққа толы болады деп сенген. «Терендез» - мейірім мен жылулық мейрамы .Жыл сайын облыстық мектеп – интернаттарға, балалар үйіне көмек көрсетіліп тұрады.
Атыраудағы «Вайнах» шешен – ингуш мәдени орталығы
Атыраудағы «Вайнах» ұлттық - мәдени орталығын Акаев Сейтамин Ахмедович – ауыл шаруашылығын басқарушы, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, жақсы ұйымдастырушы, «Достық» ордені иегері. Құрбан –байрам мейрамын ,ұлттық мерекелерді ,ұлттық тағамдар және басқа да фестивальдарды өткізу қоғамдастықта дәстүрге айналған. Орталықта ұлттық ансамбль , жастар қанаты және ана тілін оқыту курстары жұмыс істейді. Орталық шешен және ингуш халықтарының ұлттық мәдениетін сақтап - дамытуда, бейбітшілік пен келісімді нығайтуда өздерінің бағаланбас үлесін қосып отыр.
«Былина» орыс ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
«Былина» орыс ұлттық мәдени орталығы» 2003 жылдың 10 шілдесінде құрылды. Солодников Александр Германович - «Былина» орыс ұлттық мәдени орталығының төрағасы . «Мерей Брокер» ЖШС –нің директоры ретінде қызмет істейді, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. 2008 жылдан «Былина» орыс ұлттық мәдени орталығын басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясатының белсенді үгіттеушісі.Ұйымдастырушы , бастамашы және жаппай қалалық шаралардың демеушісі. Қайырымдылық акцияларының жебеушісі. Орталық өткізетін барлық шаралар қазақстандық қоғамда сыйластықты нығайту, жастарды отаншылдыққа және өнегелілікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті, тілді, дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарды дамыту. Солардың ішіндегі ірілері: орыс ұлттық тағамдар күнін тойлау, славян жазуы мен мәдениеті Күні , «Менің елімнің ана тілі» фестивалі, «Шаңырақ» отбасы мерекесі және басқалары.
«Қазақстан бірлестіктерінің орыс, славян және казак Қоғамдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Атырау облысындағы бөлімі
2005 жылдың 22 шілдесінде Атыраудағы «Қазақстан бірлестіктерінің орыс, славян және казак Қоғамдастығы» бөлімі құрылып , тіркелді. ОСКҚ және оның облыстық бөлімдері Жарғыға сәйкес орыс, славян және казак ұйымдарының жалпы мүдделерін білдіру және қорғау, олардың мемлекеттік органдармен жарғы тапсырмаларын шешу аясында тығыз қарым - қатынасын қамтамасыз ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жұмыстарына қолдау көрсету, мәдениет пен ана тілді дамыту , білімдік , отаншылдық және мәдени – ағартушылық жұмыстарды жүргізуге шақыру. Атырау бөлімінің төрағасы Яшков Владимир Александрович, политехникалық техникумның директоры, техника ғылымдарының кандидаты. Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі.
«Бүкіләлемдік қазақтар Қоғамдастығы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық бөлімі
«Бүкіләлемдік қазақтар Қоғамдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық бөлімі егеменді Қазақстанда қазақ халықтарының ұлттық қайта жандануына, Қазақстаннан тыс жерлерде тұрып жатқан қазақтардың еркін және жан – жақты дамуына ықпалын тигізеді. Қазақстанда және одан тыс жерлерде тұрып жатқан қазақтардың экономикалық , әлеуметтік, мәдени ,рухани , діни және басқа да маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Қазақстанға көшіп келіп жатқан отандастарымызға көмек көрсетеді. Қайырымдылықпен айналысады.Қазақстан халықтары Ассамблеясының барлық іс- шараларына белсенді қатысады. Алимгереев Өтепберген Алимгереевич -- қазақтардың Бүкіләлемдік Қоғамдастығы бөлімінің төрағасы, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторының орынбасары, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі.
« Елден аласталған болгарлардың «Қайта өркендеу» болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Болгар орталығы 1992 жылдың сәуір айында құрылды. Бірлестіктің Атырау аймағында тұрып жатқан болгарларды біріктіру , олардағы сана – сезімді нығайту, жоғалған рухани құндылықтарды қайтару секілді жұмыстарды алға қойып, және оларды жүзеге асырады. Орталық төрағасы Клинчев Владимир Дмитриевич, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі.Орталық жетекшісі және оның белсенді құрамы үлкен қазақстандық отбасында болгарлардың өздерін жақсы сезінуіне , Атырау жерінде достық пен келісімде тұруы үшін көптеген істер жасалып жатыр. Орталықта мемлекеттік мерекелерді және Қазақстан Республикасы мен Болгарияның ұмытылмас күндерін, ұлттық тағамдар фестивалін тойлау , барлық облыстық және қалалық мерекелік іс- шараларға қатысу дәстүрге айналған. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге, мұқтаж адамдарға кеңес беру немесе әдіскерлік көмек көрсетуге ерекше назар аударылған.
Қазақстандағы түріктердің «Ахыска» облыстық бөлімі «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі Мурадов Абубакир Мушгамбарович - «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы.
|